ЕЛШІ КЕҢЕСШІСІНЕ ІЛТИПАТ БІЛДІРДІ

18 шілде 2024 1080 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Ершат Оңғар Түркия елшісінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодурмен кездесті.

Кездесуде наиб мүфти қызметтік міндетін аяқтаған Нешет Мырзаға ризашылық ниетін білдіріп, ілтипатын жеткізді. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.

«Елдестірмек – елшіден» дегендей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Республикасының Дін істері басқармасы арасындағы байланыстың дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін Сізге ерекше ілтипатымды білдіремін.
Сіз 2021 жылдан бастап Түркия Республикасының Қазақстандағы елішілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған кезеңде Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты байланыстың ауқымы одан ары кеңейді. Атап айтқанда, Түркі мемлекеттердің мүфтилерінің алқасының құрылуы, «Хасеки» институтында діни кадрлардың біліктілігін арттыру, діни әдебиеттерді бірлесіп шығару секілді көптеген игі істер атқарылды.
Бауырлас екі ел мұсылмандарының игілігі жолындағы қызметіңіздің сауабы екі дүниеде де еселенуін тілеймін» делінген алғыс хатта.

Айта кетейік, Діни басқарманың Орталық аппаратында өткен кездесуге бөлім басшылары қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру