Ердоған 200 мың босқынның ел шекарасында тұрғанын мәлімдеді

05 қаңтар 2020 5002 0
Оқу режимі

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған бейсенбі күні  Сирия аумағынан, дәлірек айтқанда, Идлиб қаласынан 200 000-ға жуық босқынның келіп жеткені туралы мәлімдеді. NTV телеарнасы жүргізген түсірілім барысында Түркия басшысы босқындардың орналастыру жұмыстары жайында айтты.

«Шамамен 200-250 мың босқын бізге қарай келе жатыр. Біз оларды кері қайтаруға тырысамыз, дегенмен бұл өте күрделі шаруа. Өйткені, бұл жерде адам тағдыры тұр», – деді ол. Бұдан бөлек, Түркия басшысы Батыс елдерін де сынап өтті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру