Ердоған өлім жазасын қайта енгізуге ниетті екенін жеткізді

02 тамыз 2018 7478 0
Оқу режимі

Түркия президенті Реджеп Ердоған Хаккари провинциясындағы теракт кезінде қаза тапқан 25 жастағы Нұржан Қарақай мен оның 11 айлық ұлы Мустафа Бедирханның жаназасы кезінде өлім жазасын енгізуге қарсы еместігін мәлімдеді.

«Егер бұл шешімді Парламент бекітіп, менің қарауыма жолдар болса, мен еш кешіктірместен қол қояр едім», – дейді Түркия басшысы.

Айта кетейік, түрік басшысының өлім жазасын қайта енгізу жайында сөз қозғауы бірінші рет емес. Алғаш рет ол бұл пікірді 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасау оқиғасы орын алған кезде айтқан болатын.

Пікірлер Кіру