Имам Бұхари мазары маңында үлкен мешіт салынатын болды

11 тамыз 2021 5653 0
Оқу режимі

Өзбекстанның Самарқанд қаласы маңындағы имам Бұхари мемориалдық кешенінің маңынан үлкен мешіт салынатын болмақ. Айта кетейік, имам Бұхари мазары Самарқанд облысының Хартанк ауылында орналасқан. Аумағында мешіт, ислам мектебі мен кітапхана бар.

Жаңа жобаның аясында кешенде сыйымдылығы 25000 (оның ішінде негізгі залда 7000, әйелдер залында 3000 және аулада 15000) адамға  арналған 4 мұнаралы мешіт бой көтермек.

Сондай-ақ, салынғалы жатқан мешіттің ішінде әкімшілік ғимарат, жер асты галереясы мен мәйіт жуу бөлмесі де қарастырылған. Жаңа ғимарат 2 гектардан астам аумақты алады. Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Мешіт құрылысын жергілікті Enter Engineering компаниясы жүргізетін болмақ. Компания директоры Ұлықбек Усманов тарихи кешенді қалпына келтіруге қатысу үлкен мәртебе, сонымен қатар мұсылман қоғамы мен ел алдындағы үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Дереккөз: sunna.kz

Пікірлер Кіру