ИМАМДАР СЕМИНАРЫНДА ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

04 қараша 2025 260 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық дін қызметкерлеріне білім жетілдіру семинары өтіп, «Әдеп кеңесі», «Имамның тұлғалық келбеті» құжаттары талқыланды.

Семинарды ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков жүргізіп, имамдардың қызметтік этикасы, жауапкершілік мәдениеті және дін қызметкерінің қоғамдағы орны туралы кеңінен түсіндірді.

Смайыл Сүйерқұлұлы «Әдеп кеңесі» мен «Имамның тұлғалық келбеті» құжаттарында көрсетілген негізгі қағидаларға тоқталып, имамдардың мінез-құлық мәдениеті, жамағатпен өзара байланыс орнату әдебі және діни қызметтің сапасын арттыру бағытында нақты мысалдар келтірді.

Сонымен қатар, семинар барысында дін қызметкерлерінің беделін көтеру, олардың кәсіби және рухани дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мешіт жұмысының тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Семинарға қатысқан имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру