ИШИМ Сомалидің бір қаласын басып алды
20 тамыз 2021
4765
0
Оқу режимі
ИШИМ террорлық ұйымының содырлары Сомали мемлекетінің бір қаласын басып алып, қазіргі уақытта өз биліктерін нығайту үстінде көрінеді. Garowe Online деп аталатын сомалилік ақпарат орталығының мәліметі бойынша, содырлар Пунтленд штатындағы Балидхидин қаласына шабуыл жасап, қиян-кескі ұрыс жүргізген. Шайқас барысында аудан әкімшілігің басшысы қаза тауып, қала содырлардың қолына өткен.
ТАСС ақпарат орталығының хабарлауынша, ИШИМ ұйымының содырлары Сомали жерінде 2015 жылы орныға бастаған. Бұған дейін Голис тауында дайындық өткізіп келген содырлар бірінші рет қалаға басып кіріп отыр. Мамандардың есебіне сәйкес, содырлардың жалпы саны 400-ге жуық.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру