Испания мектептерінде ислам дінінің негіздері оқытыла бастады
15 қыркүйек 2020
5000
0
Оқу режимі
Испанияның Каталония аймағы интеграция мен конфессияаралық бірлікті дамыту мақсатында мемлекеттік мектептерде ислам негіздерін оқытуды бастау туралы шешім қабылдады.
Білім департаменті сәрсенбіде Дженералитат Де Каталунияның ресми журналында (DOGC) қаулы ретінде жариялаған жоспарда бастауыш мектептер ислам дінінің негіздерін 2020/2021 жылдардан бастап оқыта бастайды делінген. Пилоттық жоспар Барселона, Байкс-Ллобегат, Жирона және Таррагона.
Бұл Испания мемлекеті мен Испанияның мұсылман қауымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің нәтижесі. Ислам қауымдастықтары одағының (UCIDE) мәліметтері бойынша, мұсылмандар Испания халқының 3,8 пайызын құрайды, 40 пайызы испандықтар, ал қалған 60 пайызы иммигранттар.
Дереккөз: asyldin.kz
Пікірлер
Кіру