Италия имамдары түрмелерде насихат жүргізуге рұқсат алды

11 маусым 2020 4783 0
Оқу режимі

Италия билігі мен жергілікті мұсылман ұйымдарының арасында жасалған меморандум негізінде енді италиялық имамдар түрмелерде насихат жүргізуге рұқсат алып отыр. Аталмыш келісім аясында имамдар мұсылман тұтқындарға дін қағидаларын үйретіп, уағыз-насихат айтуға құқылы. Бұл жайында ArabNews орталығы хабар таратты.

Италия Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі абақтыларда 10 000-ға жуық мұсылман жазасын өтеу үстінде көрінеді. Сондай-ақ, елдегі әрбір түрмеде католиктік шіркеу және штаттағы шіркеу қызметкері бар екен. Алайда, осы уақытқа дейін мұсылман тұтқындар үшін діни сенім тұрғысынан ешқандай жағдай қарастырылмаған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру