КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТІП, ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

05 қыркүйек 2022 2414 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Кейкі батырдың кесенесін зиярат етіп, ұлт үшін жанын пида еткен мергеннің рухына арнайы Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген болды.

Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне байланысты ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сөз қалған.

Оның ерлігі өскелең ұрпақ үшін мәңгі өнеге болмақ. Алла алдынан жарылқасын.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру