Кезекті аппарат жиналысында келелі мәселелер талқыланды (ФОТО)
Бүгін Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ қызметкерлері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде ІІІ республикалық имамдар форумын өткізу, діни рәсімдер мен діни лауазымдарды бірізділікке түсіру, мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарының оқу бағдарламасын бір жүйеге келтіру, «Мүфтият баспасы» атынан танымдық кітаптарды шығару, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыру, т.б. мәселелер талқыланды.
«Мүфтияттағы әр маманның орны мен қызметі біз үшін қымбат. Әр қызметкер белсенді жұмыс нәтижесін көрсете білуі тиіс. Игі жобаларды жүзеге асыруда бірлігімізді көрсетіп, табандылық танытуымыз керек. Алдымызда атқаратын үлкен шара – ІІІ республикалық имамдар форумын ұйымдастыру. Бұл игі шараны жоғары деңгейде өткізу үшін әрқайсымыз өз саламыз бойынша белсенді түрде атсалысуымыз қажет», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Мәжіліс соңында ҚМДБ төрағасы дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі