Халал бөлімі мамандары семинарға қатысты

12 желтоқсан 2019 4495 0
Оқу режимі

Ұлттық аккредиттеу орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында халал мәселесіне қатысты семинар өтіп жатыр. Осы семинарға Түркия стандарттау институтына қарасты Халал стандарттау орталығының бас маманы Мухаммед Озхан Гюндуз дәріс оқуда.

Бұл Халал стандарттау орталығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына қарасты 39 ел мақұлдаған «Ислам мемлекеттерінің метрология және стандарттау институты» (SMIIC) стандартына сәйкес халал саласын жүргізіп келеді. Түркия еліндегі халал саласының қалыптасуы мен жүйесінің тәжірбиесін бөлісу мақсатында өтіп жатқан осынау шараға түрлі мекемелерден арнайы мамандармен қатар ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімі мамандары мен жақын облыстардағы өкілдері семинарға шақыртылды.

SMIIC ұйымы аясында қалыптасқан Түркия стандарттау және метрология мекемесі лабораториялық зерттеу, аккредиттеуде бірізділікті жүзеге асырып, кәсіби білім беру мен техникалық көмек көрсетуді басты назарға алады. Сол мақсатта Түркиядан келген лектор Мухаммед Озхан Гюндуз «Халал өнімдерге құжаттың жүргізілуі: мақсаты мен тапсырмалары», «Түркиядағы және әлемдегі стандарттау процессі», «Халал өнімдерге қойылатын жалпы талаптар TS/SMIIC», «Терминдер мен анықтамалар», «Өндіріс пен қызмет»,  «Сертификаттау ережелері», «Тағам өндірісі», «Өндіріс және құрал-жабдықтар» секілді халал саласының өзекті тақырыптары жайында үш күндік дәріс жүргізуде.
Семинарға халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС-і өңірлік бақылаушы инспекторлары және бөлімнің технолог мамандары да қатысты.

Пікірлер Кіру