«Халал Даму» 20 кәсіпкерді марапаттады (ФОТО)

02 наурыз 2020 4131 0
Оқу режимі

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбек іссапар барысында Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесуге Жамбыл облысының бас имамы Қанат Жұмағұл және «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов қатысты.

Жиын барысында сөз алған С.Сейтбек кәсіпкерлерге: «Ел игілігі үшін халал әрі таза өнім өндіру – сауапты һәм жауапты іс. Осы жолда сіз бен біз бар біліміміз бен күш-қайратымызды жұмсап, аянбай еңбек етіп келеміз. Еліміздегі күллі мұсылманға, жалпы тұтынушыларға адал өнім ұсынудың жауапкершілігі тым жоғары. Бұл дүниеде де, ақыретте де сұрауы мен сұрағы қатал. Осы жолда атқарған тынымсыз еңбектеріңіз бен халал индустриясын дамытуға қосқан үлестеріңізге ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз»,-дей келе «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс жасайтын 20 кәсіпкерді алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпкерлерге арналған оқу-семинар өткізілді. «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, халал өнімдер технологиясы бойынша өнім өндірудің ерекшелігі, сертификатталған кәсіпорындардың қадағалалануы, мекемелерді насихаттау мақсатында ақпараттандыру мен халықпен тығыз байланыста жұмыс жасаудың маңыздылығы түсіндірілді.

 

Дереккөз: Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

Пікірлер Кіру