«ХАЛАЛ ДАМУ» ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

08 сәуір 2026 49 0
Оқу режимі

Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында өткен халықаралық оқу семинары өз мәресіне жетіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы және мекеме мамандары – Мейіржан Бауыржанұлы, Гүлмира Маратқызы, Өміржан Тұрсынұлы қатысып, оқу бағдарламаларын сәтті аяқтады.

Атап айтқанда, қатысушылар “Халал аккредитациясы және персоналды сертификаттау бойынша техникалық оқу” және «OIC/SMIIC 3:2019, OIC/SMIIC 34:2020 стандарттары негізінде халал өнімдерді аккредиттеу және персоналды сертификаттау» бағыттары бойынша білімін жетілдіріп, халықаралық сертификаттарға ие болды.

Бұл оқу бағдарламасы халал аккредитациясы мен персоналды сертификаттау саласында кәсіби біліктілікті арттыруға және халықаралық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік берді.




Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру