ХАЛАЛ ДАМУ: ШҚО ЖӘНЕ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

26 сәуір 2024 1372 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар Шығыс Қазақстан және Абай облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

Бақылау-қадағалау шараларына облыстық имамдар мен өкілдік бақылаушылар қатысты.

«Шығыс өңірге іссапар барысында «Өскемен құс фабрикасы», «Восток молоко» сүт зауыты, «Айтас МП» және «Arai East Food» шұжық цехы, «Adal as» кондитерлік кәсіпорны және жергілікті тамақтану орындары мен ет дүкендері тексерілді. Аудит барысында өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы, кәсіпорындардың санитарлық тазалығы, қолданыстағы техникалық құрал-жабдықтардың сапасы, дайын өнімдердің өңделуі, сақталуы, тасымалдануы қадағаланды. Және де, аталған кәсіпорындарда «Халал стандарты талаптары мен технологиясы» тақырыбында оқу-семинар өткізіліп, қызметкерлерге шариғат талаптары түсіндірілді», – деген маманымыз өңірде жүргізілген тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін хабарлады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру