КӨКТАЛ МЕШІТІНДЕ «АТА-АНАҒА ҚҰРМЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ ӨТТІ (ФОТО)

11 қыркүйек 2025 1236 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының жылдық жоспарына сәйкес Көктал мешітінің жастар ісіне жауапты маманы Бердимуратов Хурсанның ұйымдастыруымен «Ата-анаға құрмет» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізілді.

Жастарға арналып айтылған уағызда ата-анаға мейірім таныту, олардың разылығын алу және тәрбиелік өнегесін ұлықтау жөнінде насихат айтылды. Сондай-ақ, жамағатқа Құран аяттары мен хадистер негізінде ата-ана алдындағы перзенттік парыздың маңызы түсіндірілді.

Іс-шараға қатысқан жамағат ерекше ықылас танытып, уағыз соңында тағылымды ой түйді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру