Көне жәдігер 1 млн рубльге бағаланып отыр

01 ақпан 2020 5441 0
Оқу режимі

Ресейдің Самар облысының тұрғыны «Авито» тегін жарнама қызметі бойынша көне Құран кітабын сатылымға шығарды. Көне жәдігердің құнын қожайыны 1 млн рубльге бағалаған.

«Кітап XVIII немесе XIX ғасырларда шығарылған. Нақты дерек жоқ», – дейді ол.

Айта кетейік, жақында ғана Татарстан тұрғыны өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген Құран кітабын 3 млн рубльге сатқан болатын. Ал, қаңтар айының басында дәл осы жарнама қызметінде 200-300 жыл бұрын басылып шыққан кішкентай Құран кітабы сатылымға қойылған еді. Үлкейткіш әйнекпен ғана оқуға болатын кішкентай Құран үшін қожайыны 15 млн рубль баға белгілеген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру