Маңғыстау: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті пәтер кілті табысталды
19 шілде 2019
6210
0
Оқу режимі
ҚМДБ-ның «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында тұратын Шамұратова Нұрсұлу есімді жесір әйелге төрт бөлмелі үйдің кілті табысталды.
Игілікті шараға Мұнайлы аудандық Миғраж мешітінің бас имамы Руслан Баймуканов және «Үммет жастары» қоғамдық-қайырымдылық қоры және кәсіпкерлер ұйытқы болды.
Пәтер кілтін табыстауға Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков арнайы келіп, жаңа қонысымен құттықтай отырып, барша қол ұшын созған азаматтарға алғысын білдірді.
Баспаналы болған мұқтаж отбасының жаңа қонысында ұйымдастырушылар мен тілекші қауым дастарханнан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді.
Дереккөз: muftyat.kz
Пікірлер
Кіру