Маңғыстау облысы әкімі жаңа Бас мүфтиді қызметімен құттықтады

10 ақпан 2020 4762 0
Оқу режимі

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

Облыс әкімі ҚМДБ Төрағасының жаңа қызметіне сәттілік тілей келе «Бүгінде өзіңіз басқарып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын! Діни басқарма жұртшылықты жақсылыққа үндеп, иманды істерге ұйытқы болып, еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ-бірлігін сақтауға орасан қызмет атқаруда. Алдағы уақытта ел ертеңі үшін ортақ мүдде жолында табандылықпен жұмыс жасай беретіндеріңізге сенемін», – дейді құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру