Маңғыстауда қайырымды жандар 80 жастағы қарияға үй тұрғызып берді

26 шілде 2018 8161 0
Оқу режимі

Маңғыстау облысы, Баянды ауылында еріктілер екі ай ішінде қарияға екі бөлмелі үй тұрғызып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қария қырық жыл бұрын өзі тұрғызған үй апаттық жағдайда болған, сондықтан ақтаулық еріктілер зейнеткерге көмектесіп, жаңа үй салып беруге шешім қабылдаған. Оларға Баянды ауылының тұрғындары да көмектескен.

Зейнеткер бұрын құрылыс саласында жұмыс істеген екен. Ол үйінде соңғы 40 жылда мүмкіндігі шектеулі ұлымен бірге тұрған. Уақыт өте келе ол үй тұруға жарамсыз болып қалған.

Әртүрлі жүз салада жұмыс істейтін адам бас қосып, бұл мәселені шешіп берді. Олар екі ай ішінде екі бөлмелі үй салып қана қоймай, үй ішіне асүй техникалары мен жиһаздар алып берді, сондай-ақ ауыл тұрғындары төсек-орын жабдықтары мен киім-кешекпен көмектесті.

Ақсақал бұл жағдайға немқұрайлы қарамағандардың бәріне алғыс айтып, ақ батасын берді.

«Жаңа үйім өзіме өте ұнайды. Бастапқыда маған осылай көмектесетініне сенген жоқпын. Көмекке тіпті танымайтын адамдар да келді. Бәріне көп рахмет!» - деді ол.

Пікірлер Кіру