«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты білім сайысы өтті (ФОТО)

17 қараша 2019 6140 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойның қарсаңында шәкірттер арасында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты білім сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына атсалысып, хакімнің Республикалық деңгейде аталып өтілгелі отырған мерейтойын шашу ретінде өткізілген іс-шараның басты мақсаты – жат ағымның алдын алу, шәкірттер арасында бабалардың діни танымын насихаттау және дала данышпанының мұраларын насихаттауға үлес қосу.

Білім сайысына ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Наиб мүфти Абай атамыздың рухани мұраларының халқымыздың діни дүниетанымындағы рөлі мен маңызы, жат ағымның алдын алудағы айырықша мәні туралы тұщымды ойларымен бөлісіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов іс-шараның мақсаты мен жастар арасында дұрыс діни таным қалыптастырудағы маңызын тілге тиек етті.   Білім сайысының әділ өтуіне «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің профессері Бибіхадиша Абжаппарова, Абай танымы бойынша ізденіс жасап жүрген ummet.kz сайтының журналисті Оразбек Сапархан қатарлы мамандар шәкірттер танымына әділқазылық жасады.

Қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Абай оқулары», «Абай танымы» атты үш айналым бойынша өзара сайысқа түсті. Аталмыш айналымдар бойынша қатысушылар алғашқы айналымда өздерін таныстырып, тұлғалық артықшылықтарымен бөлісті. «Абай оқулары» бойынша ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан бақ сынасты. «Абай танымы» атты сөңғы айналымда шәкірттер хакімнің дүниетанымын ашықтап, белгілі мәтінді жан-жақты талдау, арнаулы дайындалған танымдық сұрақтарға жауап беру бойынша бәс сынасып, ұлттық һәм діни дүниетанымдарын, Абай танымының жұмбағын шешу деңгейлерін, жан-жақты пайымдау қабілеттерін көрсетті. Сонымен бірге, әділқазылардың сұрақтарына да жауап берді.

Сайыс нәтижесінде таным тұрғысынан оқ бойы озып алға шыққан шәкірттер жүлделі орындарға ие болды. Білім сайысында хакімнің жұмбағын шешуде өзіндік ой алымдарын көрсетіп, танымдылық деңгейлерін дәлелдеген Жәлел Әлима І орынды иеленсе, Игілікқызы Ләйлім ІІ орын, Мукамади Айдидар ІІІ орынды еншіледі. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен (І орын – 100.000 тг, ІІ орын – 60.000 тг, ІІІ орын – 40.000 тг) марапатталды. Қатысушылар мен іс-шара демеушілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, Павлодар өңірінен арнайы келіп, іс-шараны әнмен әрлеген, Шәкәрім қажының ұрпағы Уақбаева Құралай Мұхамедшайхқызына, сайыстың ұйымдастырылуына атсалысып, аянбай еңбек еткен Рысбекова Айгүл, Бейбітқызы Аяжан, Аман Қарлығаш, Бағашар Диана қатарлы «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелеріне, «Томирис» кешенінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру