Мәскеу мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлын құттықтады (ФОТО)
Мәскеу мүфтиі, Ресей мұсылмандары діни ассамблеясының жетекшісі, Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының мүшесі Альбир Хазрат Крганов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.
Ыстық лебізін жеткізген хатта:
«Сіздің осы саладағы бай тәжірибеңіз, жоғары кәсіби біліктілігіңіз бен бастамашылдығыңыз, жауапкершілік тиянақты шешімдеріңіз ислам әлемі мен мұсылман қауымына одан әрі қызмет етуге бағытталған нәтижелі қызметке, сондай-ақ екіжақты бауырластық қатынастарды біздің халықтарымыздың жанашырлығы мен ынтымағын нығайтуға толықтай ықпал ететініне сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізге шынайы ықылас-ниетіміз бен құрметімізді білдіргіміз келеді және осындай ауқымды міндетті орындау үшін сарқылмас күш-қуат тілейміз », - делінген.