МӘУЛІТ КЕШІ: «ИМАН» ЖУРНАЛЫ ЖАРИЯЛАҒАН МҮШАЙРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

30 қыркүйек 2025 875 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен рухани Мәуліт кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Абай. Алаш. Асыл дін» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Жыл басында мүфтияттың төл басылымдары «Иман» журналы мен «Мұнара» газеті қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, ғұлама-ойшыл Абай Құнанбайұлының 180, Алаш қозғалысының 120 жылдығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай оқырмандар арасында «Абай. Алаш. Асыл дін» тақырыбында шығармашылық байқау жариялаған болатын. Тамыз айына дейін редакция поштасына 90-нан астам үміткердің шығармалары түсті. Белгілі абайтанушы, алаштанушы ғалымдардан құралған қазылар алқасының шешімімен І орынды Өтеш Қырғызбаев (Алматы қаласы) жеңіп алып, ұмра қажылығына жолдама берілді. Жүлделі ІІ орынды (300 мың теңге) Асан Омаров (Семей қаласы) иеленсе, ІІІ орын (200 мың теңге) Данияр Ихсанға (Астана қаласы) бұйырды.

Сондай-ақ ынталандыру сыйлығына (әрқайсына 100 мың теңгеден) Алпамыс Файзолла (Астана қаласы), Ертай Біләл (Алматы қаласы), Батырлан Сағынтай (Арқалық қаласы), Қызырғазы Мәлікұлы (Алматы облысы) және Ескендір Тасболат (Астана қаласы) ие болды. Бұдан бөлек, белгілі жазушы Сәуле Досжанова тағайындаған арнаулы сыйлықпен (әрқайсына 100 мың теңгеден) алматылық Қарагөз Сімәділ мен Айгүл Өтеміс марапатталды.

Дереккөз: Muftyat.kz сайты

Пікірлер Кіру