Мәжіліс төрағасы Рамазан айының басталуымен құттықтады
24 сәуір 2020
4278
0
Оқу режимі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымы үшін рухани тазарып, береке мен бірлік, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақыт. Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті ай әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деді Нұрлан Нығматулин.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру