Мекке мен Мəдинада қажылармен 237 рет кездесу өтті (ФОТО)

31 тамыз 2018 8735 0
Оқу режимі

Қазақстан Қажылық миссиясы жанындағы Уағыз-насихат тобының ұйымдастыруымен қажылар арасында 237 рет кездесу өтті.

Уағыз-насихат жұмыстарының жүргізілуіне жауапты  Ғылымбек Мəжиев Мекке қаласында имамдарға арнайы өткен жиналыс барысында  ағымдағы жылы қажыларға сапалы қызмет көрсету, соның ішінде ең бастысы мазмұнды уағыз-насихат айту керектігін жеткізді. Аталған алқалы жиында Уағыз-насихат тобының үйлестіру жұмыстары Шығыс Қазақстан облысының өкіл имамы Ермек Мұқатайға тапсырылды. Жүргізілетін уағыздар бірізді болуы тиіс деген ұсынысқа орай, ұстаз Ризабек Батталұлы ой-пікірлерді жинақтап, қажылықта айтылуы керек уағыз тақырыптарын ұсынды. Ұсынылған тақырыптарды Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов бекітіп, барлық уағыздар бірізді жүйемен айтылды.

Топ мүшелері күн сайын атқарылған іс-шаралардың есебін WhatsApp желісіндегі ортақ топқа жолдап, жүргізілген уағыз-насихат жұмыстарының күндік есебі дайындалып отырды.
Қажылық фирмалары арасында "Ансар круиз" (37 кездесу), "Тауаф травел" (23 кездесу), "Хидаят нұр" (23 кездесу) компаниялары белсенділік танытып, жоғары жұмыс нəтижесін көрсетті. 

Атап айтқанда, Мекке мен Мəдинадағы қонақүйлер мен Мина шатырына орналасқан жерлестерімізге "Қажылық - теңдессіз құлшылық", "Арапа күнінің артықшылығы", "Дұға - мұсылманның қорғаны", "Уақыттың қадірі", "Қажылықтың рүкіндері мен шарттары", "Қабыл болған қажылықтың сыйы - жəннат", "Тауап жасаудың сауабы", т.б. тақырыптар бойынша уағыз айтылды. 

Жұмыс барысында дəстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың үгіт жасауына жол бермеу мəселесі жіті қадағаланды.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру