Мүфтият Мақтааралға 10 млн теңге қаржы аударды (ФОТО)

18 мамыр 2020 4690 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан облысының Мақтаарал ауданына келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті жұртшылыққа көмек ретінде 10 млн теңгенің сертификатын табыстады.

«Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» дейді. Біз сіздерге облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көлігімен келдік. Жуырда «Зекет» қорының ұйымдастыруымен, облыстағы мешіттердің атсалысуымен 10 миллион теңге қаржылай көмекті «Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорына» аудардық. Қайырымдылық істің басы-қасында жүрген «Зекет» қорының өкілдеріне, барша дін қызметкеріне, жекелеген азаматтарға алғыс айтамын. Алла бұл сынақты жақсылыққа ұластырғай», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти мақтааралдық ағайын үшін арнайы дұға жасады. ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың айтуынша, игі іске аймақтағы қор өкілдері мен имамдар атсалысқан.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру