Мысырда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіледі

11 қаңтар 2021 3848 0
Оқу режимі

Жақын арада Египетте коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Мухаммад Хассани мәлім етті.

«Өндірушілер бұған дейінгі барлық клиникалық сынақтар нәтижесін Денсаулық сақтау министрлігіне өткізіп берді. Енді жақын арада Египетте зерттеулер басталуы тиіс», – деп атап өтті ол тілшілермен сұхбат барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Египет Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдың «Синофрам» вакцинасын қолдануды мақұлдаған болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру