НАИБ МҮФТИ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

03 қараша 2025 628 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен имамдардың білімін жетілдіру семинарында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы «Имам және зайырлылық қоғам қағидаттары» тақырыбында елорданың дін қызметкерлеріне дәріс өткізді.

Семинар барысында наиб мүфти имамдардың қоғамдағы рөлін, зайырлылық қағидаттарын дұрыс түсініп, оны халыққа жеткізудегі жауапкершілікті атап өтті. Сондай-ақ Кенжетай Байкемелұлы отбасы тәрбиесі, қоғам бірлігі мен рухани қауіпсіздік бағытында белсенді болу керектігін айтты.

Семинардың жалпы мақсаты – елордалық имамдардың діни және рухани білімін жетілдірумен қатар, зайырлы қоғамда халықпен дұрыс қарым-қатынас орнатып, заманауи талаптарға сай қызмет атқаруына қолдау көрсету болды. Сондай-ақ бұл басқосу дін қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттыруға, қоғамдағы өзекті мәселелерге исламдық тұрғыдан жауап беруге және ел бірлігі мен рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру