НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАЯН-ӨЛГЕЙ МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ

17 шілде 2024 1103 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей мұражайын аралады. Бас мүфти мұражайдағы тарихи жәдігерлермен, жергілікті халықтың салт-дәстүрімен танысты.

Баян-Өлгей аймақтық мұражайы 1948 жылы құрылған. Қазір мұражай қорында 6 мыңға жуық көне жәдігер бар. Мұражай ішінде киіз үй тігілген, іші сол заманға сай жасақталған. Киіз үйдің түндігі ашылып, есігі түрілген. Қасында толық жабдықталған ат байлаулы тұр.

Мұражайда ұзындығы 3 метр домбыра қойылған. Мұнда тарихи оқиғаларға қатысты жәдігерлер де баршылық. Мұражайда 1921 жылғы Тұлбакөл шайқасы бейнеленген.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру