НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МАРОККО МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

15 қыркүйек 2022 1984 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ ғимаратында Марокко Корольдігінің Уақып және Ислам жөніндегі министрі Ахмед Тауфиқті оның өтініші бойынша қабылдады.

Жүздесу барысында екі елдің рухани байланысы мен ынтымақтастығы сөз болды. Бас мүфти еліміз Ислам дінін ұстанатын мұсылман мемлекеттерімен әрдайым жақсы байланыста екенін алға тартты.

Өз кезегінде марокколық министр Қазақстанның дінаралық ынтымақтастығына қосып келе жатқан үлесін атап өтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің рухани байланыстарды нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.

Басқосу соңында Бас мүфти Ахмед Тауфиққа ілтипат көрсетіп, сый-сияпат тарту етті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру