Он бірінші қайырымдылық мекемесі ашылды (ФОТО)
Он бірінші қайырымдылық мекемесі ашылды (ФОТО) Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты он бірінші Қайырымдылық мекемесі ашылды. Ашылу рәсіміне ҚМДБ Қайырымдылық және уақып бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай және имамдар мен бір топ ғалымдар қатысты. Бас имам Бақтыбай Бейсенбаевтың айтуынша, мекемеге көпбалалы отбасылардың және тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың балалары қабылданады. Ашылған жаңа мекеменің директорлық қызметіне Мұхамеджан Естеміров тағайындалды. Айта кетсек, қайырымдылық мекемесі 120 балаға лайықтап салынған. Дәрісханасы, асханасы, жатақханасы бар. Онда қабылданған балалар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Ашылу рәсіміне қатысқан алқа осы ортадан дінін берік, салт-дәстүріне адал, білімді ғалымдар шығуына тілеулестік білдірді. Жоспар бойынша алда тағы осындай 4 мекеме ашу көзделген. Бүгінде оның құжаттары рәсімделуде.