ОТБАСЫ СЕМИНАРЫ: ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ШИПАЖАЙДЫҢ ЖОЛДАМАЛАРЫ БЕРІЛДІ (ФОТО)
08 қыркүйек 2024
605
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен отбасыларға арналған семинарда қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды.
Шарада тұсаукесер рәсімі, азан шақырып ат қою, неке қию рәсімдері өткізіліп, Бас мүфти өзінің ақ батасы мен дұға-тілегін арнады. Сондай-ақ, қатысушылар арасында дін мен дәстүр аясында викториналық сұрақтар ойыны өтті. Екі кезеңнен тұратын сайыста әуелі шешуі оңай сұрақтар қойылып, жауап берушілердің барлықтарына арнайы сыйлықтар үлестірілді. Ал, екінші кезеңде 7 күрделірек сұрақтар қойылып, оның барлық қатысушыларына шипажайға жолдамалар берілді.
Пікірлер
Кіру