Өзбек имамдарын суицидтың алдын алуға міндеттеді
10 тамыз 2018
7821
0
Оқу режимі
Өзбекстан имамдарын тұрғындар арасында өзін-өзі өлтірудің үлкен күнә екенін кеңінен насихаттап, тіпті үйлеріне барып үгіт жүргізуге міндеттеп отыр. Сондай-ақ, қасиетті жұма күндері айтылатын уағыз кезінде де үнемі ескертіп отыруы тиіс.
Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің мәлімедеуінше, бұндай шешім қабылдауға соңғы жылдары өзіне-өзі қол салу оқиғасының күрт көбейгені себеп болған. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметтер бойынша, жыл сайын Өзбекстанда 100 000 жанға шаққанда 6 адам өзін өлімге қиятын көрінеді.
Айта кетейік, суицид көрсеткіші бойынша Өзбекстан Орталық азия мемлекеттері ішінде Қазақстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында орналасқан.
Пікірлер
Кіру