Қабылбек Әліпбайұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен жүздесті (ФОТО+ВИДЕО)

27 маусым 2019 8115 0
Оқу режимі

Елордамызға РАНТ (Республикалық ақпараттық насихат тобы) іссапары аясында ат басын тіреген белгілі уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен кездесу өткізді. Екінті намазын Бас мешіт жамағатымен бірге өтеген Қабылбек ұстаз жиналғандарды жақсылыққа шақырып, ізгілікке үндей түсті.

«Исламдағы бауырмашылдық» тақырыбында айтылған сөз қозғаған ғалым асыл дінімізде қайырымдылық пен жанашырлықтың, жақсылыққа жасау мен жәрдемдесудің қаншалықты маңызды екенін жеткізіп, мейірімді болуға үндеді. Барша мұсылман бір дене секілді екенін, ағзаның бір жері ауырса, басқа жері түгел сыздауға тиісті екенін тілге тиек еткен Қабылбек Әліпбайұлының уағызы жамағаттың жүректерін мейірге, көңілдерін ойға толтыра түсті.

Кездесу соңында жамағат сұрақтарына кезек беріліп, білікті ұстаз тұшымды жауаптарымен жалғасты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру