Қадір түні жайлы рухани кеш өтті

17 сәуір 2023 1889 0
Оқу режимі

Садуақас қажы Ғылмани мешітінің әйел жамағатынан құрылған «Аналар мектебі» мен Рақымқызы Раиса ана мешіті әйел жамағатынан құралған «Рақымқызы Раиса ана келіншектер мектебі» біріге отырып «Қадір түнінің қасиетті» атты рухани ауызашар кешін өткізілді.

Кешке Астана қаласындағы барлық мешіттің әйел жамағаты, ұстаздар мен шәкірттер қауымы қатысты.

Кешті Астана қаласы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Бухарбаева Элмира Ұстаз ашып берді. Э.Бухарбаева жамағатты алда келе жатқан Қадір түнімен құттықтай отырып, қасиетті кешті ғапылдықпен өткізіп алмауға шақырды.

Астана қыздар медресесінің меңгерушісі Мадиева Ботагөз ұстаз Қадір түнінің қасиеті, аталмыш кештің дініміздегі орыны, бұл түннің адам баласының руханиятына әсері жайында тұшымды уағыз айтты.

Рухани кеште викториналық ойындар ойнатылып, Қадір түн жайлы қойылым көрсетілді.

Кеш соңында барша жамағатқа сыйлық таратылды.

Дереккөз: Sunna.kz

Пікірлер Кіру