Қарттар күніне орай ақсақалдарға құрмет көрсетілді (ФОТО)
01 қазан 2019
5640
0
Оқу режимі
Бүгін, 1-қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Төлебай» мешітінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Атаулы күнге орай мешіт асханасында айналадағы 50 ақсақалға арнайы дастархан жайылып, құлшылық ордасының қызмектерлері құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимовтың ұйымдастыруымен, мерекелік дастарханға келе алмай қалған екі ақсақалды арнайы зиярат етіп, сыйлықтар тарту етіп қайтты. Жастары тоқсаннан асқан қос ақсақал соңғы кездері сырқаттанып, мешітке келе алмай жүрген екен. Қариялардың қал-жағдайын сұрап, азық-түлік қорын табыстаған мешіт қызметкерлері бүгінгі күнді мерекеге айналдырды.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру