Қасиетті кітаптарды өртеуге заңмен тыйым салынуы мүмкін

22 сәуір 2019 5864 0
Оқу режимі

Дания мемлекетіндегі Ислам ұйымы Үкімет басшыларына қасиетті кітаптарды өртеуге қатысты заңмен тыйым салуға шақырып отыр. Копенгаген қаласының Блогорс Пладс алаңында бейбіт шеру өткізуді жоспарлаған ұйым мүшелері өздерін осы талабын орындатуға мықтап кіріскен сыңайлы.

Дания мұсылмандарының мұндай қадамға баруына елдегі «Stram Kurs» (Қатал бағыт) радикалдар партиясының басшысы Расмус Палуданның дәл осы Длогорс Пладс алаңында бірнеше мәрте мұсылмандарға қарсы шеру өткізіп, жұрттың көзінше қасиетті Құран кітабын өртегені түрткі болған сияқты.

Ислам ұйымының мүшелері осы себепті де Дания үкіметін конституцияның «Құдайға тіл тигізу» бабын қайта қарап, мұндай акцияларды өткізуге заңмен тыйым салуды талап етіп отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру