ҚАЗАҚСТАНҒА ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫ КЕЛЕДІ (ФОТО)

10 қыркүйек 2022 2543 0
Оқу режимі

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайып келеді. Ахмет Тайып 14-15 қыркүйек күні елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысады деп күтілуде.

Әл-Азһар университеті бай тарихи бар Ислам әлемінің негізгі білім беру, ғылыми-рухани орталықтарының бірі. Әл-Азһар университетінен көптеген білікті дін мамандары мен ғалымдары шықты.

Университеттің жанында қабырғасы 970-972 жылдары қаланған әл-Азһар мешіті бар. Бұл мешіт Мысырдағы және мұсылман әлеміндегі ең танымал мешіт саналады. Жоғарғы имам Ахмет Тайып бұған дейін осы университеттің ректоры және Мысырдың Бас мүфтиі болған. 2010 жылдан бері әл-Азһар шейхы қызметін атқарып келеді.

Айта кетейік, Жоғарғы имам елімізге жасайтын сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесіп, екі ел арасындағы рухани-мәдени байланысты нығайту мәселесін талқылайды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру