Қажылық маусымы ашылды

18 шілде 2018 7609 0
Оқу режимі

Алғашқы қажылар легі Сауд Арабиясы корольдігіне еле бастады. Бұл қатарда Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш елдерінің азаматтары бар, деп хабарлайды Islam.ru.

Жидда қаласындағы Абдулазиз король атындағы халықаралық әуежайға Бангладеш азаматтарын Biman Airlines әуе компаниясы ұшақтары алып келсе, Нью-Дели (Үндістан) мен Карачи (Пәкістан) мұсылмандары Мәдина қаласындағы Мұхаммед ханзада әуежайына келіп түсті. Саудияның бас азаматтық авиация басқармасы қажыларға қызмет көрсетудің барлық дайындықтарын жасады.

«Біз қасиетті қос мешіттің сақшысы король Салманның директивін жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізіп, қажыларға жақсы қызметтер ұсынуды жоспарлаймыз. Әсіресе, ұшып келу-кету барысындағы процедуралар ұзақтығын қысқартып отырмыз» дейді басқарма өкілдері.

Айта кетсек, қажылыққа әлем елдерінен барлығы 6 072 рейс жоспарланса, оның 3 383-і Жидда әуежайы арқылы, 2 689-і Мәдина әуежайы арқылы ұшады.

Пікірлер Кіру