Қазіргі заманның «Әбу Хурайрасы» атанған сириялық жігіт (ФОТО)
23 қыркүйек 2019
7513
0
Оқу режимі
Сирия елінің Алеппо қаласынан шыққан Мухаммед Алаа әл-Жалил есімді жігітті айналасындағылар «Әбу Хурайра» атап кеткен екен. Мысық атаулыны ерекше жақсы көрген атақты сахабаның есімін оған жақындары үйсіз қалған мысықтарды жанашырлық жасап, ерекше жақсы көргені үшін құрметтеп қойған екен.
Сирия жерінде соғыс басталған уақытта Мухаммед жедел жәрдем қызметінде болған. Жол-жөнекей жұмыстан қайтқанда иесіз қалған мысықтарға қамқорлық жасап, тамақтандырып жүрген.
Ал, 2016 жылы үйсіз қалған мысықтарға арналған орталыққа бомба түскенде, Мухаммед сол жердегі 22 алып, Идлибке көшуге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта оның орталығында 200-дей мысық және ит, үй қояны секілді басқа да жануарлар баспана тапқан.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру