ҚМДБ: 20 мыңнан астам балаға сыйлық беріледі (ФОТО)
2019 жылы жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 20 мыңнан астам балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмке үлестіреді. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Елордада өткен алқалы жиында атап өтті.
Серікбай Сатыбалдыұлы игі шара кезінде көпбалалы отбасыларға көңіл бөлуді тапсырды. Жиын барысында Бас мүфти қайырымдылық акцияны ұйымдастыруды наиб мүфти Бауыржан қажы Есмаханға, ҚМДБ Қайырымдылық және уақып бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевқа тапсырды.
Өткен жылы облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінің ұйытқы болуымен демеуші азаматтардың көмегімен 18 мың отбасына оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері үлестірілді. Биыл бұл көрсеткішті 25 мыңға жеткізу жоспарлануда.