ҚМДБ: Форумға 500 имам қатысады
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында өтетін «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумына 500 дін қызметкері қатысады.
Форумға мемлекеттік жоғары лауазымдағы тұлғалар, уәкілетті саладағы басшылар, депутаттар, еліміздің әр аймағынан келетін 500 шақырылып отыр.
Республикалық шара барысында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі, ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі сынды құжаттар қабылданады. Сондай-ақ, форумға қатысушылардың Үндеуі оқылады.
Айта кетейік, осымен үшінші рет өтетін республикалық имамдар форумы 2019 жылдың 23 қазанында Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінде өтеді.
Дереккөз: muftyat.kz