ҚМДБ: Кезекті хаттамалық жиналыс өтті (ФОТО)

25 ақпан 2020 4834 0
Оқу режимі

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтті. Жиналысқа наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшілері – Балтабай Мекежанов, Бижігіт Нұржігітұлы, бөлім меңгерушілері қатысты.

Жиналыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асып жатқан 30 игі шарасын пысықтау, «Зекет» қоры жанынан еріктілер тобын құру, қоғам сұранысына орай қазақ, орыс тілінде танымдық кітаптар шығару, қажылық маусымында ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жандандыру т.б. мәселелер талқыланды.

«Әр қызметкер өзіне міндеттелген функцияны асқан жауапкершілікпен орындауы тиіс. 30 жылдық мерейтой аясында атқарар іс-шаралар көп. Сол шараларға дайындық жұмыстарын күн сайын пысықтап отыруымыз керек. Хаттамалық тапсырмалар өз мерзімінде орындалсын» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу барысында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев Орталық аппараттың ағымдағы жұмысы туралы Бас мүфтиге баяндады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру