ҚМДБ қызметкерлері – тікелей эфирде брифингте (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов рамазан айының басталуына орай және қажылық сапарының ұйымдастыру іс-шараларына байланасты Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазмедиа» орталығында өткен тікелей эфирдегі брифингке қатысты.
Спикерлер рамазан айы, қажылық сапары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық іс-шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ораза кезінде денсаулықты күту жолдары мен дұрыс тамақтану әдістері жайлы айтып өтті.
Брифинг Хабар 24 арнасынан (тікелей эфир) көрсетілді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі