ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛ-АЗҺАР УӘКІЛІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

08 ақпан 2023 1984 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезияға іссапары барысында әл-Азһар уәкілі шейх Мұхаммед ад-Дуинимен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Мысыр арасындағы рухани байланыс сөз болды. Өз кезегінде Бас мүфти әл-Азһар уәкіліне қазақстандық шәкірттерге көрсеткен қолдауы үшін алғысын жеткізді.  

«Құрметті шейх Сізді көргеніме қуаныштымын. Біз діни білім берудің жаңа үлгісін жасап, 2027 жылға дейінгі даму жоспарын бекіттік. Біз үшін әл-Азһар университетінің орны бөлек. Қазіргі уақытта Астанада ашылған имамдардың білімін жетілдіруге арналған Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы институтта мысырлық ұстаз сабақ беріп жатыр. Бұл – үлкен қолдау. Биыл Алла қаласа Бейбарыс сұлтан бабамыздың 800 жылдығын елімізде және Мысырда жоғары деңгейде атап өтпекпіз. Бұл мерейтой ортақ деп білемін» дей келе Бас мүфти Мысыр тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын жеткізді.

Уәкіл өз кезегінде Мысыр тарапы қолдау көрсетуге әркез дайын екенін жеткізіп, жақында елордаға тағы да екі ұстаз жіберетінін айтты.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы, әл-Азһар уәкіліне құрмет көрсетіп, кәдесый табыстады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру