ҚМДБ төрағасы өнер өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өнер өкілдерімен əңгімелесті.
Кездесуге қазақ өнерінің танымал өкілдері - Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Ерғали Əбдірайымов, Ақбота Керімбекова, ал мүфтият тарапынан Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысты.
Басқосуда Бас мүфти мен өнер өкілдері қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасаудың мəні мен маңызын сөз етті. Серікбай қажы Ораз көп балалы екі отбасының баспаналы болуына белсенді үлес қосқан танымал өнер өкілдеріне алғысын жеткізді.
Кездесуде, сонымен қатар сонау VIII ғасырда қазақ топырағына жеткен асыл дініміздің рухани құндылықтары жайлы əңгіме өрбіді.
Берекелі басқосудан соң Бас мүфти қонақтарға "Ұлы дала төсіндегі Ислам" атты авторлық кітабын сыйға тартты.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі