ҚМДБ төрағасы Шымкенттегі жаңа құдықтың ашылуына қатысты (ФОТО)

24 тамыз 2020 4269 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы, Қаратау ауданының Таскент елдімекенінде орналасқан «Қарабура әулие» мешітіндегі жаңа құдықтың ашылуына қатысты.

Құдықтың тереңдігі – 57 метр. Бұл елді мекенде су бар болғанымен судың қысымы өте төмен болатын. Енді бұл құдықтан су ішуге де және бақша өнімдерін суғаруға да болады. Айта кету керек, құдық қазу жұмысына демеушілік жасаған – Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты мешіт имамдары мен ерікті жамағаты. Ал құдық жұмыстарына 1,2 миллион теңге жұмсалды.

Айтулы шара барысында мешіт жамағаты мен ауыл ақсақалдары үлкен сауапты іске бастамашы болған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Пікірлер Кіру