ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: ТАЗАЛЫҚ САҚТАП, ЫСЫРЫПҚА ЖОЛ БЕРМЕСЕК

14 маусым 2024 888 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айтқа байланысты өткен баспасөз мәслихатында халықты құрбан шалу рәсімі кезінде барынша тазалық сақтап, ысырапқа жол бермеуге шақырды.

«Халқымыз Құрбан айт күндері құрбан шалып, жақсылық жасауға тырысады. Бұл – сауапты іс. Осы ретте жамағатты Құрбан шалу кезінде барынша ысырапқа жол бермеуге шақырамын. Малдың басы мен сирағын далаға тастамауға, тазалық сақтауға назар аударған абзал. Алла Тағала шалған құрбандығымызды, жасаған жақсы амалдарымызды қабыл еткей. Айттан айтқа аман-есен жете берейік» деді Бас мүфти.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру