ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

02 қыркүйек 2022 1951 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысының имамдарымен кездесті. Кездесуде ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне мүфтияттың жыл басында қабылдаған жеті бағыт бойынша жұмыстарын Ұлытау облысында белсенді түрде жүзеге асыруға назар аударды.

Сонымен қатар, діни саладағы игі істерді айрықша ыждағаттылықпен орындау қажеттігін жеткізді. Бас мүфти мұсылман жамағатының рухани бірлігін нығайту, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру мәселесін сөз етіп, осы бағытта уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.  

Басқосу барысында аталған аймаққа білімді, тәжірибелі дін мамандарын қызметке тарту мәселесі талқыланды. Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысының бас имамы Елдос Қуандықұлына нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру