ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАМАҒАТТЫ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

23 мамыр 2024 1036 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда қаласында «Қажы Мырқыайдар» мешітінің ашылу рәсіміне қатысып, игі тілегін білдірді. Жиынға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та қатысып, құттықтауын жеткізді.

«Бағзы замандардан бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, қалдырған асыл қасиеттеріміз – имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын жастарымызға жеткізуде, дұрыс дүние тәлім-тәрбие беруге мешіттердің үлесі ұшан-теңіз. Сол себепті де мұсылман адам мешіттерді барынша құрметтеп, онда барып ғибадат-құлшылық жасап, тәлім-тәрбие үйреніп, жүрегінің әрдайым құлшылық орнымен рухани байланыста болуына назар аударады.

«Мешіт – адамның жүрегі тыныштық тауып, жаны ерекше рухани ләззаттқа бөленетін қасиетті орын. Анығында, бүкіл мүлік Жаратушымыз Алла Тағаланікі. Соның ішінде мешіттерге үлкен құрметті білдірту үшін оларды «Алланың үйлері» деп атаймыз. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде мешіттер Алланікі» («Жын» сүресі, 18-аят), – деп айтқан. Бұқар жырау бабамыз да осы мағынада: «Хақтың үйі мешітті, Ақты Құдай шешіпті», – деп мешітті «Хақтың үйі» деген. Мұсылман адамның мешіттерді сыйлап, құрметтеуі – оның Жаратушы Алла Тағалаға деген құрметін білдіреді. Сол себепті де әрбір мұсылман мешітті бар ынта-пейілімен жақсы көріп, құрметтеп, барынша әдеп сақтауы қажет. Алла жаңа мешітімізді құтты етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти мешітті салуға атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру