ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Моңғолия мүфтиін қабылдады (ФОТО)

15 желтоқсан 2018 7516 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадиспен кездесу өткізді. Қазақ жеріндегі іссапары аясында Моңғолия мүфтиі Қазақстан мүфтиятының жұмыстарымен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасудың пайдалы екенін атап өтті.

Осы орайда аталмыш кездесуге ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы да қатысып, аталмыш сала бойынша қол жеткізген жетістіктер жайы талқыланды.

Кездесу соңында құрметті қонаққа Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің мұсылмандық шежіресіндей болған «Ұлы дала төсіндегі Ислам», сондай-ақ бірнеше құнды кітаптар тарту етті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру